Құрметті ата-аналар! » "Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысының білім басқармасы
мемлекеттік мекемесінің
"Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 3 13 70
Есепші бөлімі:
+7(777) 624-58-77
Нашар көрушілер
нұсқасы

redvid esle

01
март
2024

Құрметті ата-аналар!




Құрметті ата-аналар!
Сіздерді алда келе жатқан шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен және Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасыларыңызға амандық тілей отырып, өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз Сіздерді жақсы жетістіктермен қуантып,еңбектеріңізді ақтауына шын жүректен тілектеспін!!
Құрметті ата-аналар, мектебімізде ақша жинау, сыйлық әперу сияқты мәселелерге мүлдем тыйым салынғаны өздеріңізге бұрыннан белгілі. Тағы да ескерте кетейін, мереке қарсаңында ұстаздарға сыйлық әперуге рұқсат жоқ. Елімізде сыбайлас-жемқорлықпен күрес қатаң жолға қойылғанын жақсы білесіздер. Өтініш, сүйікті ұстаздарыңызды ыңғайсыз жағдайда қалдырмаңыздар. Сіз бен біздің басты міндетіміз-білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Тағы да келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!

*Тілек білдіруші лицей директоры: Рапилова Эльмира Жанатқызы