Мектептің тарихы » "Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысының білім басқармасы
мемлекеттік мекемесінің
"Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 3 13 70
Есепші бөлімі:
+7(777) 624-58-77
Нашар көрушілер
нұсқасы

redvid esle

01
январь
2018

Мектептің тарихы

Мектептің тарихы

Мектептің   тарихы

 


Жыланды ауылында мектеп алғаш 1930 жылы ашылып, 15 бала қабылдаған.. Алғашқы мұғалім Тоқпейсов Қабдығали болған. 1937 жылы мектеп жетіжылдық, 1952 жылдан бастап орта мектеп атанады. Мектеп директорлары болып Әміреев Т, Құрманбаев Қ, Нұрманбетов Ә,Ағымбаев А, Барлыбаев М, Кенжеғұлов Т, Омарбаев Ә, Әбдірахманов Ә, Әміреев Т, Қасымов Қ, Шакенов Қ, Жақсылықов А, Әділбаев Б, Әзімханов С, Қанапин Ә, Қасымханов М, Дүйсенбеков З, Әбиханова У, Атамбаев О, Нүсіпов С, Мамырбеков Р, Ибраева Т.Ж жұмыс істеді.

2013 жылы мектеп Жыланды орта мектеп-лицейі болып қайта құрылды. Оны құрушы құрылтайшылар Алматы облысы білім депортаменті, Алакөл аудандық білім бөлімі, демеушісі «ZHERSU» корпарациясы, серіктестері ММУ, КБТУ, АЭИ, М.Тынышбаев атындағы ҚазАТК , Қ.Сәтбаев атындағы ҚҰПТУ мен Алматы қаласындағы О.Жаутіков атындағы республикалық арнаулы физика-математикалық орта мектеп-интернат директоры К.Б.Макишев, №178 литцей, директоры Мәжитов Ө., Талдықорған қаласындағы №20 лицей, №23 лицей.2013 жылдан Жыланды орта мектеп-лицей директоры Кенжебай Қайрат Кенжебайұлы. Мектеп-лицей физика-математикалық бағытты тереңдетіп оқытады, үш тілді қатар меңгертеді: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін.

84 жылдық тарихында мектеп түлектерінен 6 ғылым докторлары мен профессорлар, 6 ғылым кандидаты мен доценттер, 2 әлем чемпионы шыққан.


 

Похожие публикации:

01 январь 2018 МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ