МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ » "Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысының білім басқармасы
мемлекеттік мекемесінің
"Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 3 13 70
Есепші бөлімі:
+7(777) 624-58-77
Нашар көрушілер
нұсқасы

redvid esle

01
январь
2018

МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ

Осы жарғы «Жыланды қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесіне «Жыланды орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі атауының өзгеруіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкес келтіруіне байланысты жасалынды.

1. Негізгі міндеттері

1.1. «Жыланды орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп-лицейі) заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым, үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады, барлық азаматтарға мемлекеттік стандарттар шеңберінде тегін білім алу мүмкіндігін және мемлекет кепілдендірген құқық, сонымен қатар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық үлгісін сақтау арқылы жалпы білім беру қызметтерін жүзеге асыруды ұсынады.

1.2. Заңды тұлғаның атауы:

Мемлекеттік тілде: «Жыланды орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі, қысқартып айтылғанда - «Мектеп-лицейі»; орыс тілінде: Государственное учреждение «Жыландинская средняя школа-лицей с дошкольным миницентром», сокращенно «Школа-лицей».

1.3. Мектеп-лицейінің орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, индексі 040217, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылы, Бірлік көшесі, 65.

1.4. Мектеп-лицейінің құрылтайшысы Алакөл ауданының Әкімдігі. Мектеп-лицейінің мемлекеттік басқару органы «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

1.5. Өз іс-әрекетіндегі Мектеп-лицейі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік білім беру органдарының нормативті-құжаттарын, облыстық және аудандық Әкімдердің өкімдері мен шешімдерін, жергілікті білім беру ұйымдарының бұйрықтарын, сонымен қатар осы жарғыны басшылыққа алады.

1.6. Мектеп-лицейінің штаттық бірлік саны заңға сәйкес бікітіледі.

1.7. Мемлекеттік мекеменің қызмет мерзімі шектеусіз.

1.8. Меншік түрі – мемлекеттік.

2. Заңды мәртебесі

2.1. Мектеп-лицейі заңды тұлға құқықтарын пайдаланады, өзінің негізделген мүлкі бар, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады және өз міндеттері бойынша өз құзырындағы ақшалай қаражатқа ие бола алады, сотта жауапкер және талапкер болуға құқығы бар.

Мектеп-лицейіне ақша жетіспесе, оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік Мектеп-лицейінің меншік иесіне (құрылтайшысына) жүктеледі. Құрылтайшы Мектеп-лицейінің міндеттемелері бойынша жауапкершілікті азаматтық заң белгілеген жағдайлар мен шектеулерді мойнына алады.

2.2. Мектеп-лицейінің өзіндік балансы, белгіленген үлгідегі өзі аты жазылған мөрі, мөртаңбасы, бланктері бар, банк мекемелерінде тиісті шоттар аша алады.

2.3. Мемлекеттік білім беру мекемесінің лицензия берілген қызмет аясындағы құқықтық қабілеті лицензияны алған сәттен бастап пайда болады және заңда белгіленген тәртіпте жарамсыз деп танылған немесе алынып қойылған сәттен бастап күшін жояды.

2.4. Мемлекеттік білім беру мекемесінің білім беру қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру қызметін лицензиялаудың тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

2.5. Мектеп-лицейі Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпке және тиісті Ережелерге сәйкес аттестаттаудан өтеді.

2.6.Мектеп-лицейі жеке тұлғаның білім алу жөніндегі Конституциялық құқығының жүзеге асуы, таңдап алған оқу түрінің және әдісінің оқушылардың жасы мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы, оқу-тәрбиесінің сапалы жүргізілуі және өз міндеті мен мақсатына сай болу үшін оқушылар мен ата-аналардың, педагог қауымы және білім беруді басқару ұйымдарының алдында жауапты болып табылады.

2.7. Мектеп-лицейі балалардың денсаулығы мен дене тәрбиесі үшін, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға, балаларға түсетін ақыл-ой және физикалық жүктемені қадағалауға жауапты. Мектеп-лицейі әкімшілігі арнайы бекітілген дәрігерлік қызметкерлермен бірге оқушыларды тереңдетілген медициналық бақылаудан өткізуді ұйымдастырады.

2.8. Жыланды орта мектеп-лицейне шалғай аудан, ауылдардан келіп дәріс алушы оқушыларға жағдай жасап, интернатпен қамтамасыз етіуді ұйымдастырады;

- интернаттың штаттық бірлік саңы заңға сәйкес бекітіеді.

3. Қызметінің мәні мен мақсаты

3.1. Мектеп-лицейінің негізгі іс-әрекетінің мазмұны – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру және орта білім беру бағдарламаларының іске асырылуы болып табылады. Мектеп-лицейінің іс-әрекеттері төмендегі мақсаттарға бағытталған:

1. білім алушылардың жалпыға бірдей білім беру бағдарламаларының мазмұнын игерту негізінде жалпы ғылыми, жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру;

2. білім алушылардың тиісті білім деңгейін алуына;

3. білім алушылардың өмірге бейімделуін, оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық, еңбексүйгіштік қасиеттерді, адамның құқы мен еркіндігін, қоршаған ортаны, жанұяны сүйюге бейімдеу;

4. Мектеп-лицейді бітірушілердің саналы таңдауына және кәсіптік білім беру бағдарламаларын одан әрі меңгеруіне негіз қалау.

3.2. Мектеп-лицейі білім беру мен тәрбиені жеке тұлға үшін, қоғам үшін, мемлекет үшін іске асырады;

- жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар туғызады;

- білім алушылардың өз білімін жетілдіруіне, қосымша білім алу, мұқтаждығын толықтыруға;

- шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға.

3.3. Мектеп-лицейі оқу үрдісін ұйымдастыруда, кадрларды таңдап, реттеуге, қаржы мәселесін шешуде Мектеп-лицейі моделін өңдеуге, енгізуге ерікті. Мектеп-лицейі мемлекеттік стандарттарға сәйкес Заң жүзінде бекітілген ретпен жауапкершілік жүргізеді.

3.4. Білім беру мекемелерінің білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне берілетін оқыту қызметі мемлекет тарапынан болғандықтан тегін беріледі.

3.5. Мектеп-лицейінде білім алу деңгейін, оқу мерзімін, оқуға төленетін ақылы, басқа жағдайларды анықтайтын Мектеп-лицейі мен оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарымен басқа заңды өкілдердің арасында келісім-шартпен реттелетін қосымша ақылы қызмет көрсету ұйымдастырылуы мүмкін.

3.6. Мектеп-лицейі ҚР «Білім туралы» Заңының 63 бабына сәйкес ақылы түрінде төменгі жұмыстарды ұсына алады:

1) қосымша оқыту бағдарламаларын іске асыра алады (балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға, спорт, мәдениет, өнер саласындағы оқушылардың бейімділігін арттыруға, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға);

2) кейбір жеке білім алушылардың әртүрлі пәндерден сабақтан тыс уақытта қосымша сабақтар өткізуді (репититорлық сағаттар, шетел тілдерін үйрету, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына түсуге даярлау) ұйымдастыру;

3) білім алушылармен математика, физика, информатика пәндерінен тереңдетілген курстар ұйымдастыруды;

4) білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, педагог қызметкерлермен, үлкен жастағы тұрғындармен, түрлі спорттық жарыстар, әдістемелік семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізу;

5) музыкалық аспаптарды пайдалануға беру, қосымша интернет-байланыстар қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, мектеп-лицейінде өтетін түрлі шараларға қатысатын басқа адамдардың тамақтануын ұйымдастыру.

3.7. Мектеп-лицейінің ақылы түрде ұсынған қызмет түрлері ҚР-ның Заңдарымен бекітіледі.

4. Білім беру үрдісінің мақсаты, қызметі мен міндеттері, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізілімі

Мектеп-лицейі – негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқушылардың кәсіби бейімділігі мен қабылеттіліктеріне қарай саралап, математика, физика, информатика пәндерін тереңдетіп оқытатын, орта білім беретін орта оқу орындарының бірі.

4.1. Мектеп-лицейінің ең басты міндеттері:

- білім беру бағдарламасының игерілуніе жағдай жасау;

- оқушылардың оқу іс-әрекеті барысындағы дарындылығының, қабілеттілігінің байқалуы;

- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндік-терін дамыту, адамгершілік құндылықтар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы ақыл-ойды байыту;

- азаматтық және патриоттық тәрбие беруге, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу;

- әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне ұмтылу, қазақ халқы мен республикада тұратын басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, тарихын білу, мемлекеттік тілді, орыс, шет тілдерін меңгеру;

- білім алудың жаңа технологияларын, ақпараттандыруды, ендіру, халықаралық жахандық коммуникация желілеріне шығу;

- оқушыларға жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға бағдар беруі.

Мектеп-лицейі білім беруде мынадай қызметтер ұсынады:

- мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы орта білім беру және мақсаттандырылған біртұтас жеке-дара жоспар арқылы тәрбиелеу, қазақ және шет тілдерін, математика, физика, информатика және бағдарламалау негіздерін тереңдетіп оқыту;

- сауықтыру іс-шаралары мен көркем-шығармашылық және басқа да шығармашылық қызметтерін ұсыну;

- білім алушылардың кәсіптік дайындау;

- оқу жоспарында қарастырылған аталмыш дисциплина бойынша бағдарламалар, арнайы дисциплиналарды сағаттан тыс оқыту;

- басқа жалпы білім беру мекемелерінің білім алушылармен дайындық дәрістерін жүргізу;

- орта кәсіптік білім алу мекемелеріне, жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындық жүргізу;

- түпнұсқалық авторлық оқу курстары мен бағдарламалар құру, мектепке дейінгі алты-жеті жасар балаларды жалпы білім беру Мектеп-лицейінің шеңберінде дайындау;

- бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын басқа да мектепке дейінгі оқу орындарымен байланыс және іскерлік қарым-қатынас орнату;

- өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттер;

Шағын орталықтың ең басты міндеттері:

- балаларды ерте әлеуметтендірудіқамтамасыз ету;

- әрбір баланың жеке ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескере отырып, балаларды ақыл-ой, адамгершілік, физикалық, әдептілік, сезімдік, танымдықтұрғыда дамыту;

- балалардың денсаулығын сақтау;

- балалардың күтімін, оларды қарауды ұйымдастыру;

- ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін арттыру;

Мектепке дейінгі шағын орталық балаларының контингенті жеке жолмен білім беру ұйымының тізімдік құрамына енгізіледі;

4.3. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мектеп-лицейі кәсіпкерлік әрекетен жарғылық мақсатына сәйкес деңгейде айналыса алады.

5. Қабылдау тәртібі, оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру

5.1. Оқушыны мектеп-лицейіне қабылдау кезінде оны, оның ата-анасын заңды өкілдерін мемлекеттік мекеменің жарғысымен, білім беру әрекетіне құқық лицензиясымен және басқа да қабылдау, оқу-тәрбие барысы тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстыруға міндетті. Оқушыларды мектеп-лицейіне қабылдау, тұратын орнын ескермей конкурстық негізде жүргізіледі.

5.2. Оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру, оқудан шығару (ІІ сатыдан кейін) оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік баллмен) мектеп-лицейі кеңесінің шешімі бойынша жүргізіледі.

5.3. Мектеп-лицейінің оқу-тәрбие жұмыстары оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде дайындалған және жалпы білім беретін, қосымша бағдарламаларды игеруді жүзеге асырады.

5.4. Мектеп-лицейінде тәртіп тәрбиеленушілердің, оқушылардың, педагогтардың адамдық абройын өзара байланысу, құрметтеу негізінде құрылады. Оқушыларға, тәрбиеленушілерге қатысты моральдық, психикалық, физикалық күш көрсетуге жол бермейді.

5.5. Кәмелетке толмағандардың ата-аналардың және басқа да заңды өкілдері білім беру процесінің мазмұны мен оның жүргізілу барысымен, сонымен қатар оқушылардың үлгерім бағаларымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

5.6. Мектеп-лицейінің тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдық бөлігі болып табылады және патриоттық, азаматтық, интернационалистік, жоғары мораль және адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға, сонымен қатар білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттеріндамуға бағытталған бағдарлама болып табылады.

5.7. Мектеп-лицейінде нәсілге, ұлтшылдық, діншілдік, әлеуметтік талас-тартыстарға байланысты үгіт-насихаттар жүргізуге, халықаралық құқық пен гуманизмның ортақ танылған ұстанымдарына қайшы келетін милитаристік және басқа да пікірлерді таратуға тыйым салынады. Мекемедегі тәрбие бағдарламалары Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың және халықтардың ұлтық-мәдени, халықтық мәдениетінің элементтерімен толықтырылады.

5.8. Мектеп-лицейінде оқыту үш сатыдан тұрады:

І саты – бастауыш (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) ол оқу қызметінің негізгі білігі мен дағдысын, теориялық ойлау элементтерін, оқу іс-әрекетінде өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бейімдеу біліктілігін, сөйлеу мәдениетін және тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, баланың жеке даму қабілеті мен даму деңгейін анықтауға бағытталған.

ІІ саты – мектеп-лицейіне бағытталу (негізгі мектептің 5-9 сыныптары) оқушының жеке басының қалыптасуын, жалпы мектептің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын игеруін, өзіндік дауын, дағдылардың қалыптасуын, өзіндік бағыт-бағдар алуын, өзін-өзі тануын және шығармашылық іс-әрекетін қамтамасыз етеді.

ІІІ саты – мектеп-лицейі (орта мектептің 10-сыныптары) – ол негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеруді саралап оқытуды, мамандандыруды, зерттеу жұмыстарын жүзеге әзірлікке бағдарлауды, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды және өзін-өзі кәсіптік жете тану негізінде жалпы білім беруді аяқтауды қамтамасыз етеді.

Мектеп-лицейі екінші немесе үшінші сатысынан бастап дербес білім беру мекемесі болып қызмет атқаруы мүмкін.

Мектеп-лицейі жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейді.

Бес (алты) жастағы балалар үшін мектепке даярлау мақсатында мектепалды сыныптары ашылады.

Көрсетілген сатыларда мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта (толық) білім беру жүргізіледі. Әрбір сатының білім беру бағдарламалары сабақтас болып келеді, әрбір келесі бағдарлама алдындағысына негізделіп отырады.

5.9. Мектеп-лицейінде тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және заң актілеріне сүйенеді. Мектеп-лицейінде оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік стандартқа байланысты орыс тілі мен ағылшын тілі оқытылады

5.10. Мектеп-лицейінде бос орын болған жағдайда оқушылар конкурс негізінде қабылданады.

Оқыту мен тәрбиелеу үшін мектеп-лицейіне қабылдау мектеп-лицейі бойынша бұйрықпен рәсімделеді.

5.11. Педагог қызметкерлерге нормативтік оқу жүктемелері мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін бекітілген нормативтерге сәйкес белгіленеді.

5.12. Мектеп-лицейіндегі білім беру үрдісін ұйымдастыру сабақ кестесімен регламенттеледі. Мектеп-лицейі аптасына 6 жұмыс күні және бір демалыс күні тәртібімен екі ауысымда жұмыс жасайды.

Академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минутты құрайды.

Сабақ кестесінде білім алушылардың тамақтануына үзіліс уақыты қарастырылған. Оқу жоспары арнайы жеке пәндерді оқытуға бөлінген сағаттар саны мемлекеттік оқу жоспарында бөлінген сағат санынан төмен болмауы керек.

5.13. Оқудың түрі - іштей.

Мектеп-лицейі сыныптарында оқушылар саны 25-тен аспайтын болуы керек. Сыныптар шет тілін оқығанда 3 топқа, мемлекеттік тіл мен орыс тілін, информатика мен есептегіш техника, ырғақты музыка, дене шынықтыру, технология, сонымен қатар арнайы пәндер бойынша лабораториялық, практикалық жұмыстар жүргізгенде 2 топқа бөлінеді. Сыныптардың басқа пәндер бойынша қосымша шағын топтарға бөлінуі бюджеттік қаржының мүмкіндігіне қарай мектеп-лицейі кеңесінің шешіміне байланысты жүргізіледі.

5.14. Оқу жылының басталуы мен аяқталуын және демалыс күндерінің ұзақтылығын білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқару ұйымдары белгілейді.

Мектеп-лицейінде оқу сабақтары 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының ұзақтылығы: мектепалды даярлығы сыныпта 32 оқу аптасы, бірінші сыныпта 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасы. Оқу жылы бойында 1-11 сыныптарда күзгі демалыс – 8 күн (5-11 қараша), қысқы демалыс – 10 күн (30 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса), көктемгі демалыс – 12 күн (21 наурыздан 1 сәуірді қоса) беріледі. Мектепалды даярлық сыныптардында күзгі демалыс – 8 күн (5-12 қараша), қысқы демалыс – 14 күн (28 желтоқсаннан 10 қаңтарды қоса), көктемгі демалыс – 15 күн (21 наурыздан 4 сәуірді қоса) беріледі.

Мектепалды және бірінші сыныптарда ІІІ тоқсанның ортасында қосымша демалыс аптасы беріледі, оның басталуы мен аяқталу мерзімін жергілікті білім басқармалары анықтайды.

5.15. Жылдық күнтізбелік кесте мектеп-лицейінің педагогикалық кеңесінің келісімі бойынша мектеп-лицейі директорының бұйрығымен бекітіледі.

5.16. Білім алушының үлгерімін бақылауды мектеп- лицейінің педагогикалық қызметкерлері 5 балдық жүйемен жүзеге асырады. Бағалар сынып журналына және білім алушының күнделігіне қойылады. Аралық бақылау қорытындысының бағалары баллдық жүйемен тоқсанға қойылады. Оқу жылының соңында қорытынды жылдық бағалар қойылады.

5.17. Білім алушының өзі, ата-аналары (басқа да заңды өкілдері) жылдық бағамен келіспеген жағдайда мектеп-лицейінің директоры құрған комиссияға сол пән бойынша емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

5.18. Білім беру бағдарламасын толық меңгерген оқушы келесі сыныпқа көшіріледі.

Бастауыш және негізгі жалпы білім сатысында, мектепалды даярлықтан басқа, үш немесе одан да көп пәндерден оқу жылы бағдарламасын игермеген оқушылар қайталап оқытуға қалдырылады немесе ата-анасының ұйғарымы бойынша 1-2 пәннен академиялық қарызы болса, олар жазғы тапсырманы орындап, емтихан тапсырғаннан кейін келесі сыныпқа көшіріледі. Алдыңғы сатының жалпы білім бағдарламасын игермеген оқушыларды жалпы білімнің келесі сатысын оқуға жіберілмейді.

Заңға қайшы әрекеттер жасағаны, Жарғыны өрескел бұзғаны үшін 16 жасқа толмаған балалар мектеп-лицейінен шығарылады.

Мектеп-лицейі Кеңесінің оқудан шығару туралы шешімі оқушы мен оның ата-анасының (оларды алмастыратын адамдардың) дәлелі себепсіз қатыспауы Кеңестің оқудан шығару мәселе қарауына бөгет бола алмайды.

«Бірінші рет тәртіп бұзды» деген ұғымға мектеп-лицейі директоры оқушыға екі немесе одан да көп тәртіпке шақыру шарасын қолданғаны, оның тағыда жаңадан өрескел тәртіп бұзғандығы жатады. Өрескел тәртіп бұзу ұғымына – соның салдарынан:

- оқушылардың, қызметкерлердің, келушілердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруде;

- мектеп-лицейі білім беру мекемесі ретіндегі жұмысына іріткі салуы – жатады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды оқудан шығару туралы шешімді мектеп-лицейі Кеңесі қамқор органның алдын ала келісімен қабылдайды.

Мектеп-лицейі Кеңесінің оқушыны оқудан шығару шешімі директордың бұйрығымен рәсімделеді.

Оқушының оқудан шығарылғаны туралы мектеп-лицейінің директоры үш күн ішінде облыстық білім басқармасына хабарлайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары ата-анасымен (оларды алмастыратын адамдармен) бірге бір ай мерзім ішінде оны еңбекке орналастыру немесе білім мекемесінде оқуын жалғастыру шараларын қарастырады.

Негізгі жалпы және орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламасын игеру міндетті түрде оқушының қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

Мектеп-лицейін бітірушілерді қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы бекіткен Қазақстан Республикасының мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестаттау туралы Ережеге сәйкес өткізіледі.

Мектеп-лицейін бітірушілерге олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін мектеп-лицейін мөрімен расталған білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

6. Басқару ұйымдары және олардың құзыры

6.1. Мектеп-лицейі жоғарғы органы құрылтайшысы болып табылады. Мектеп-лицейінің басқару органының атқарушысы директор болып саналады.

6.2. Құрылтайшының негізгі құзырына жататындар:

- мекеменің жарғысын, енгізілген қосымша өзгерістерді, жаңа редакцияны бекіту;

- мектеп-лицейін қайта ұйымдастыруға және таратуға шешім қабылдау.

«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жататындар:

- мектеп-лицейі атқару органдарының білімі және пікірі;

- қаржы есебін бекіту;

- келісім-шарт негізінде оқыту бағасын келісім шартын,бағдарламалық және басқа да оқу өнімдерін бекіту;

- оқу-тәрбие үрдісінде әдістемелік оқытуды ұйымдастыру;

- мектеп-лицейінің органдарының жұмыс процедурасын, штаттық кестені, лауазымдық міндеттерді бөлуді бекіту;

- әрекеттік негізгі бағыттарын анықтау;

- жұмыс тәртібін бекіту;

- мектеп-лицейінің (шағын жоспарын) сметасын, қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына үстеме және қосымша ақы төлеуді, оларды сыйақыландырудың мөлшері мен тәртібін бекіту;

- оперативтік басқару құқығында мектеп-лицейіне мүліктерді бекітіп беру.

6.3. Мектеп-лицейін тікелей директор басқарады. Директорды заңда көрсетілген тәртібіне сәйкес тағайындалады және босатылады.

6.4. Мектеп-лицейінің директоры жеке билік принципі бойынша қызмет етеді және осы Жарғы анықтайтын өз құзыретіне сәйкес мектеп-лицейінің жұмысы туралы мәселелерді өзі шешеді, мектеп-лицейіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функциясын атқаруына жеке басы жауап береді, тікелей «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынады.

6.5. Мектеп-лицейінің директоры аудандық білім бөлімімен келісе отырып, өзінің орынбасарларын тағайындайды және қызметтен босатады.

6.6. Мектеп-лицейінің жұмысына басшылық жасай отырып, Заңда белгіленген тәртіп бойынша:

- Мектеп-лицейі атынан сенім хатсыз іс-әрекет жасайды;

- Мектеп-лицейі мүддесіне барлық ұйымдарда өкілдік етеді;

- Есеп шот және басқада есеп-қисап ашады, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және осы Жарғы белгіленген деңгейде мектеп-лицейінің мүлкі мен қаражатын жұмсау құқығына ие болады, сенім хаттар береді;

- Мектеп-лицейінің барлық қызметкерлерін жұмысқа алады және босатады;

- Мектеп-лицейінің құрылымын, штат кестесін, жұмыс кестесін және сабақ кестесін бекітеді;

- Мектеп-лицейі қызметкерлерінің арасындағы міндеттерін бөледі, қызметтік нұсқауларды бекітеді;

- Мектеп-лицейінің барлық қызметкерлері мен оқушыларына міндетті бұйрықтар шығарады;

- қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Заңдары анықталған мамандығына, функионалдық міндеттеріне сәйкес олардың оқу салмағын бөледі, жүктемелері мен қызметтік жалақыларын белгілейді;

- оқуға, тәрбиелеуге, еңбекпен қамтуға қажетті жағдайлар жасайды;

- құрылтайшы мен құзыретті мемлекеттік органдарға қызметі туралы есеп береді;

- осы Жарғы және аудандық білім бөлімі жүктелген басқа да жұмыстар атқарады;

- мектеп-лицейі директорының қызметін мектеп-лицейінің ішіндегі немесе мектеп-лицейінен тыс басқа да басқарушы қызметтер мен (ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) қоса атқаруға рұқсат етілмейді.

6.7. Мектеп-лицейінде оның ұстаздарынан, ата-аналардың, мектеп-лицейі бірлесе қызмет ететін ұйымдардың және қоғамның өкілдерінен және оқушылардың заңды өкілдерінен тұратын өзін-өзі басқару органы – мектеп-лицейі кеңесі жұмыс істейді. Мектеп-лицейі кеңесінің өкілеттік мерзімі 2 жыл.

6.8. Мектеп-лицейі ұжымы қызметкерлердің жалпы жиналыс қажетіне қарай, бірақ жылына екі реттен кем емес мерзімінде өткізіледі. Еңбек ұжымының жалпы жиналысы, егер онда мектеп-лицейі негізгі жұмыс орны болып табылатын қызметкерлердің жартысынан астамы қатысып отырса, шешім қабылдауға құқықты.

Еңбек ұжымының жалпы жиналысының шешімі жиналысқа қатыушы қызметкерлердің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру рәсімі мектеп-лицейі еңбек ұжымының жалпы жиналысы анықтайды. Еңбек ұжымының бірден-бір құзырына:

- директордың ұсынысы бойынша мектеп-лицейінің еңбек тәртібі Ережесін бекіту;

- ұжымдық шарт жасаудың қажеттігі туралы шешім қабылдау және ұжымдық келісім-шартты бекіту;

- ұжымдық шарттың орындалуытуралы жыл сайынғы есепті тыңдау жатады.

6.9. Мектеп-лицейінде Ата-аналар комитеті жұмыс істейді. Мектеп-лицейіндегі Ата-аналар комитетінің сандық құрамы сынып-комплекттердің саны арқылы анықталады. Ата-аналар комитетінің өкілеттілік мерзімі – 1 оқу жылы.

6.10. Мектеп-лицейі ата-аналар комитетінің жұмыс тәртібі мен құзыры – мектеп-лицейі кеңесі бекіткен ата-аналар комитеті туралы ереже арқылы анықталады.

7. Халықаралық ынтымақтасу

Мектеп-лицейі халықаралық қызметке Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларына сәйкес қатысады.

8. Мектеп-лицейінің мүлкі

8.1. Мектеп-лицей заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мектеп-лицейі мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де кірістер есебінен қалыптастырылады.

8.2. Мектеп-лицейін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жергілікті бюджет іске асырылады.

8.3. Мемлекеттік мекеме бюджет қаржысы жүргізген барлық азаматтық-құқықтық мәмлілер аумақтық қазынашылық органдарында тіркеуден өткізіледі. Тіркеу кезінде жүргізілген мәмілелердегі соманың жылдық сметалқ (бюджеттік) мақсаттарға сәйкестігі тексеріледі.

9.6. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерді мемлекеттік бюджет есебінен жүргізген кезде оларды қаржылық жылдың бір кварталы мерзіміне жасауға тиіс. Қаржылық жылдың бір тоқсанынан артық мерзімге жасалған мәмілелер аумақтық қазынашылық органдарында оларды тиісті қаржы органдары келісімдегеннен кейін ғана тіркеледі.

8.4. Бір қаржылық жылға жасалған, аумақтық қазынашылық органдарда тіркелінген, бірақ ағымдағы қаржылық жылда аяқталмаған Мектеп-лицейінің азаматтық-құқықтық мәмілелері келесі қаржылық жылда қайта тіркеуден өткізіледі.

9. Мектеп-лицейі Жарғысына өзгерістер мен толықтыру енгізудің тәртібі

9.1. Мектеп-лицейінің құрылтайшылық құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізіледі.

9.2. Мектеп-лицейді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы жарғы «Жыланды қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесіне «Жыланды орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі атауының өзгеруіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкес келтіруіне байланысты жасалынды.

1. Негізгі міндеттері

1.1. «Жыланды орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп-лицейі) заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым, үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады, барлық азаматтарға мемлекеттік стандарттар шеңберінде тегін білім алу мүмкіндігін және мемлекет кепілдендірген құқық, сонымен қатар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық үлгісін сақтау арқылы жалпы білім беру қызметтерін жүзеге асыруды ұсынады.

1.2. Заңды тұлғаның атауы:

Мемлекеттік тілде: «Жыланды орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі, қысқартып айтылғанда - «Мектеп-лицейі»; орыс тілінде: Государственное учреждение «Жыландинская средняя школа-лицей с дошкольным миницентром», сокращенно «Школа-лицей».

1.3. Мектеп-лицейінің орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, индексі 040217, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылы, Бірлік көшесі, 65.

1.4. Мектеп-лицейінің құрылтайшысы Алакөл ауданының Әкімдігі. Мектеп-лицейінің мемлекеттік басқару органы «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

1.5. Өз іс-әрекетіндегі Мектеп-лицейі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік білім беру органдарының нормативті-құжаттарын, облыстық және аудандық Әкімдердің өкімдері мен шешімдерін, жергілікті білім беру ұйымдарының бұйрықтарын, сонымен қатар осы жарғыны басшылыққа алады.

1.6. Мектеп-лицейінің штаттық бірлік саны заңға сәйкес бікітіледі.

1.7. Мемлекеттік мекеменің қызмет мерзімі шектеусіз.

1.8. Меншік түрі – мемлекеттік.

2. Заңды мәртебесі

2.1. Мектеп-лицейі заңды тұлға құқықтарын пайдаланады, өзінің негізделген мүлкі бар, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады және өз міндеттері бойынша өз құзырындағы ақшалай қаражатқа ие бола алады, сотта жауапкер және талапкер болуға құқығы бар.

Мектеп-лицейіне ақша жетіспесе, оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік Мектеп-лицейінің меншік иесіне (құрылтайшысына) жүктеледі. Құрылтайшы Мектеп-лицейінің міндеттемелері бойынша жауапкершілікті азаматтық заң белгілеген жағдайлар мен шектеулерді мойнына алады.

2.2. Мектеп-лицейінің өзіндік балансы, белгіленген үлгідегі өзі аты жазылған мөрі, мөртаңбасы, бланктері бар, банк мекемелерінде тиісті шоттар аша алады.

2.3. Мемлекеттік білім беру мекемесінің лицензия берілген қызмет аясындағы құқықтық қабілеті лицензияны алған сәттен бастап пайда болады және заңда белгіленген тәртіпте жарамсыз деп танылған немесе алынып қойылған сәттен бастап күшін жояды.

2.4. Мемлекеттік білім беру мекемесінің білім беру қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру қызметін лицензиялаудың тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

2.5. Мектеп-лицейі Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпке және тиісті Ережелерге сәйкес аттестаттаудан өтеді.

2.6.Мектеп-лицейі жеке тұлғаның білім алу жөніндегі Конституциялық құқығының жүзеге асуы, таңдап алған оқу түрінің және әдісінің оқушылардың жасы мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы, оқу-тәрбиесінің сапалы жүргізілуі және өз міндеті мен мақсатына сай болу үшін оқушылар мен ата-аналардың, педагог қауымы және білім беруді басқару ұйымдарының алдында жауапты болып табылады.

2.7. Мектеп-лицейі балалардың денсаулығы мен дене тәрбиесі үшін, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға, балаларға түсетін ақыл-ой және физикалық жүктемені қадағалауға жауапты. Мектеп-лицейі әкімшілігі арнайы бекітілген дәрігерлік қызметкерлермен бірге оқушыларды тереңдетілген медициналық бақылаудан өткізуді ұйымдастырады.

2.8. Жыланды орта мектеп-лицейне шалғай аудан, ауылдардан келіп дәріс алушы оқушыларға жағдай жасап, интернатпен қамтамасыз етіуді ұйымдастырады;

- интернаттың штаттық бірлік саңы заңға сәйкес бекітіеді.

3. Қызметінің мәні мен мақсаты

3.1. Мектеп-лицейінің негізгі іс-әрекетінің мазмұны – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру және орта білім беру бағдарламаларының іске асырылуы болып табылады. Мектеп-лицейінің іс-әрекеттері төмендегі мақсаттарға бағытталған:

1. білім алушылардың жалпыға бірдей білім беру бағдарламаларының мазмұнын игерту негізінде жалпы ғылыми, жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру;

2. білім алушылардың тиісті білім деңгейін алуына;

3. білім алушылардың өмірге бейімделуін, оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық, еңбексүйгіштік қасиеттерді, адамның құқы мен еркіндігін, қоршаған ортаны, жанұяны сүйюге бейімдеу;

4. Мектеп-лицейді бітірушілердің саналы таңдауына және кәсіптік білім беру бағдарламаларын одан әрі меңгеруіне негіз қалау.

3.2. Мектеп-лицейі білім беру мен тәрбиені жеке тұлға үшін, қоғам үшін, мемлекет үшін іске асырады;

- жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар туғызады;

- білім алушылардың өз білімін жетілдіруіне, қосымша білім алу, мұқтаждығын толықтыруға;

- шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға.

3.3. Мектеп-лицейі оқу үрдісін ұйымдастыруда, кадрларды таңдап, реттеуге, қаржы мәселесін шешуде Мектеп-лицейі моделін өңдеуге, енгізуге ерікті. Мектеп-лицейі мемлекеттік стандарттарға сәйкес Заң жүзінде бекітілген ретпен жауапкершілік жүргізеді.

3.4. Білім беру мекемелерінің білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне берілетін оқыту қызметі мемлекет тарапынан болғандықтан тегін беріледі.

3.5. Мектеп-лицейінде білім алу деңгейін, оқу мерзімін, оқуға төленетін ақылы, басқа жағдайларды анықтайтын Мектеп-лицейі мен оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарымен басқа заңды өкілдердің арасында келісім-шартпен реттелетін қосымша ақылы қызмет көрсету ұйымдастырылуы мүмкін.

3.6. Мектеп-лицейі ҚР «Білім туралы» Заңының 63 бабына сәйкес ақылы түрінде төменгі жұмыстарды ұсына алады:

1) қосымша оқыту бағдарламаларын іске асыра алады (балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға, спорт, мәдениет, өнер саласындағы оқушылардың бейімділігін арттыруға, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға);

2) кейбір жеке білім алушылардың әртүрлі пәндерден сабақтан тыс уақытта қосымша сабақтар өткізуді (репититорлық сағаттар, шетел тілдерін үйрету, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына түсуге даярлау) ұйымдастыру;

3) білім алушылармен математика, физика, информатика пәндерінен тереңдетілген курстар ұйымдастыруды;

4) білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, педагог қызметкерлермен, үлкен жастағы тұрғындармен, түрлі спорттық жарыстар, әдістемелік семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізу;

5) музыкалық аспаптарды пайдалануға беру, қосымша интернет-байланыстар қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, мектеп-лицейінде өтетін түрлі шараларға қатысатын басқа адамдардың тамақтануын ұйымдастыру.

3.7. Мектеп-лицейінің ақылы түрде ұсынған қызмет

Похожие публикации:

26 февраль 2018 merekelik is-sharalar
13 январь 2018 Рухани жаңғыру
01 январь 2018 Мектептің тарихы