12
апрель
2024
Жыланды лицей-интернатында “Отбасы — тәрбиенің басты ұясы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
12.04.2024 күні Жыланды лицей-интернатында “Отбасы —тәрбиенің басты ұясы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты: оқушы, ата-ана және мұғалім, яғни үштік одақты нығайту.
Лицей-интернат директоры Рапилова Эльмира Жанатқызы үштік одақтың жұмысына сәттілік тілеп, жиналыс шымылдығын ашты. Балаларының алдын ала дайындаған алғыс хаттарын жиналыс барысында ата- аналары оқып ерекше сезімге бөленді. Директордың тәрибе ісі жөніндегі орынбасары Ниталиева Мейрамгүл Анатольевна, педагог-психолог Копчикбаева Кәмшат, әлеуметтік педагог Салықбаева Перизат және де бастауыш сынып жетекшілері ерекше форматтағы тренинг өткізді. Жиналыс барысында ата-аналар лицейімізді аралап, жаңадан ашылған оқу алаңы мен шахмат алаңын көрді. Лицейіміздің жаңаруы мен жасампаздығына куә болған ата-аналар өз ұсыныстарын айтып, лицей ұжымына өз ризашылықтары мен алғысын білдірді.