«Еңбек — ырыстың бұлағы, Еңбек — бақыттың шырағы» » "Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысының білім басқармасы
мемлекеттік мекемесінің
"Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 3 13 70
Есепші бөлімі:
+7(777) 624-58-77
Нашар көрушілер
нұсқасы

redvid esle

29
февраль
2024

«Еңбек — ырыстың бұлағы, Еңбек — бақыттың шырағы»

«Еңбек — ырыстың бұлағы, Еңбек — бақыттың шырағы» — деген қанатты сөз бүгінде, Жыланды ауылында 3 ұрпақ педагогика саласында қызмет етіп келе жатқан ұстаздар әулеті Ақытымбаевтардың негізгі ұранына айналған. Саналы ғұмырының 49 жылын білім жолына арнаған ұстаз Ақтымбаева Жұмабике Конкешқызы қазіргі таңда ақ самайлы әже. Әжейдің анасы Шакен анамыз да бастауыш сынып мұғалімі болған екен. Әулеттегі ұстаздық дарын Жұмабике Конкешқызының баласына да дарыған. Қазіргі таңда лицейімізде информатика пәнінен сабақ беретін дарынды мұғалім Ақтымбаев Азат Жораұлы осы ұлағатты ұстазымыздың ұлы. Келіні Назира да педагог маман. Ұлылықтың ұйытқысы болып, өнегесімен барлық шәкіртіне нәр берген Жұмабике әжейіміз лицейімізде жас ұстаздармен және оқушылармен кездесіп, өскелең ұрпаққа өз ақылын айтып, жас мамандарға батасын берді. Еңбек жолын енді бастаған жас мамандарымыз, көкейіндегі күрмеулі жүрген сұрақтарын қойып, болашақтағы ұстаздық жолына үлкен бағыт-бағдар алды. Осы кездесуге ұйытқы болған лицей директоры, Жұмабике әжейдің шәкірті Рапилова Эльмира Жанатқызы сөз кезегінде ардагер ұстазды алғыс айту күнімен құттықтап, шағын сыйлық тарту етті және лицейіміздің жас мамандарына осы кісінің жолын берсін деп, оқушыларға алдағы болатын емтиханнан сүрінбей өтуіне ақ тілегін білдірді.

Похожие публикации:

13 январь 2018 Рухани жаңғыру
01 январь 2018 МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ
01 январь 2018 Мектептің тарихы